Ақ үй одақтастарына бөлетін әскери гранттарын қайтарымды несие ретінде береді

Ақ үй одақтастарына бөлетін әскери гранттарын қайтарымды несие ретінде береді

Ақ үй одақтастарына бөлетін әскери гранттарын қайтарымды несие ретінде береді
ашық дереккөзі
Ақ үй одақтас елдерге америкалық әскери техникаларды сатып алуға қайтарымсыз түрде берілетін гранттарды әдеттегі қайтарымды несие ретінде бермек деп хабарлады Вашингтондағы лауазымды шенеунік. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, өзгеріс алдағы күндері президент әкімшілігі жариялайтын келесі жылдың бюджет жобасына енгізілмек. Жаңа ереже Пәкістан, Тунис, Ливан, Украина, Колумбия, Филиппин және Вьетнамға қатысты болмақ. АҚШ қайтарымсыз әскери гранттарға деп жылына алты миллиард долларға жуық қаржы бөледі. Оның үш миллиардтан астамы Израильге, бір жарым миллиарды Египетке, 350 миллионы Иорданияға беріледі. 2018 жылдың бюджет жобасында бұл елдерге бөлінетін гранттарға өзгеріс енгізілмеген. Сонымен қатар Пәкістанға берілетін қайтарымсыз грант көлемінің жартысынан астамы (265 миллионнан 100 миллионға дейін) азайтылмақ. Сарапшылар Украинаға қатысты жеңілдіктердің жойылуы украин әскерилерін Донбастағы сепаратистерге қарсы операцияда аса қажетті минометке қарсы қолданылатын радарларды импорттауды азайтуға мәжбүрлейді дейді. Конгресс пен мемлекеттік департаменттегі Ақ үйдің жоспарын сынайтындар гранттарды несие ретінде беру АҚШ-тың жақтастарын қару-жарақ пен әскери техника экспорттайтын өзге жетекші екі ел - Ресей мен Қытайдың көмегіәне жүгінуге мәжбүр қылады деген пікір білдірді.