Манчестер стадионындағы концерт жарылыспен аяқталып, 19 адам көз жұмды

Манчестер стадионындағы концерт жарылыспен аяқталып, 19 адам көз жұмды

Манчестер стадионындағы концерт жарылыспен аяқталып, 19 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Кеше түнде «Манчестер Арена» стадионында жарылыс болып, 19 адам қаза тапты. Тағы 50 адам жараланып, ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы Lenta.ru порталына сілтеме жасап sn.kz хабарлады. 
Оқиға жергілікті уақытпен түнгі сағат 22:30-да (Астана уақытымен 03:30) болды. Бұл уақытта стадионда өткен концерт соңына жетіп, келушілер үйлеріне тарқай бастаған. Олардың қатарында кішкентай балалар мен жасөспірімдер көп. Куәгерлердің айтуынша, танымал америкалық әнші Ариана Гранде соңғы әнін шырқап, сахнадан кеткен кезде қатты жарылыстың дауысы естілген. Сол замат дүрбелең туып, жұрт шығар есікке қарай жанталаса жүгіріпті. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақовтың айтуынша, концертте қазақстандық 6 студент болған екен. Олар дін-аман. Қаза тапқандар мен жараланғандар қатарында отандастарымыз жоқ.