Сенат депутаттары сайлауына бөлінетін қаржы көлемі анықталды

Сенат депутаттары сайлауына бөлінетін қаржы көлемі анықталды

Сенат депутаттары сайлауына бөлінетін қаржы көлемі анықталды
ашық дереккөзі
28-ші маусымда өтетін Парламент Сенаты депутаттарының кезекті сайлауына республикалық бюджеттен 92 миллион теңге бөлінді, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Бұл қаржы кандидаттардың теледидар мен радиода, баспасөзде,  ақпараттық насихат бағдарламасын баяндауға және сайлау алды іс-шараларын өткізуге жұмсалады. Сондай-ақ, іссапар шығыстары, үй-жайды жалға алу мәселесі де бюджет есебінен қамтылады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің кеңесінде айтылды. Отырыста Сенат депутаттарын сайлауда шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен халықаралық ұйымдардың қызметін ұйымдастыру жағы талқыланды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев екіжақты байланыс орнаған шет мемлекеттердің тиісті органдарына шақыру хаттары жіберілгенін атап өтті. Отырыста шетелдік байқаушылардың қызметіне қатысты Орталық сайлау комиссиясы қаулы қабылдады. «Шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның байқаушысына, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкіліне бір аудармашы өзінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде ілесіп жүре алады. Екінші тармақ: шет мемлекет, халықаралық ұйым байқаушысының қоса беріліп отырған сауалнамасының мәтіні бекітілсін. Үшінші тармақ: шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар байқаушыларын аккредиттеуді жүргізу 2017 жылғы 12-ші маусымында аяқталсын», – дейді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев.