Бірнеше саланың еңбекақысы артты
Бірнеше саланың еңбекақысы артты
Қазақстан кәсіпорындары іскерлік белсенділіктің қалыпты деңгейіне келу аясында өз қызметкерлеріне назарын арттырып отыр. Биыл экономиканың 45 саласында (48 пайыз) еңбекақының өсімі байқалды. Былтыр бұл көрсеткіш 33 салада болған (35 пайыз), - деп хабарлайды Energyprom.kz сарапшылары.
Бірінші тоқсандағы еңбекақының өсу индексі (2016 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда) 0,4 пайыздан (баспанадан бөлек әлеуметтік қызметпен қамтамасыз етілген) 39,7 пайызға (компьютер, тұрмыстық тауарларды жөндеу). Сонымен қатар, ғылыми және технологиялық қызмет саласында еңбекақының қысқартылуы 72,2 пайызға жетті.