Қазақстан БАӘ басқаруына индустриалық аймақтарды беруге әзір

Қазақстан БАӘ басқаруына индустриалық аймақтарды беруге әзір

Қазақстан БАӘ басқаруына индустриалық аймақтарды беруге әзір
ашық дереккөзі
Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктері компанияларының басқаруына индустриялық аймақтарды беруге дайын. Бұл туралы бүгін Қазақстан-БАӘ бизнес-форумында ҚР Инвестициялар және даму министрi Жеңiс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз Әмірліктер бизнесінің еліміздегі бағдарламаларға белсенді қатысуын қарастырып отырмыз. Осы орайда Қазақстанның Индустриялық-инновациялық дамуы секілді бағдарламасының орны ерекше. Сонымен қатар «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бар. Бұл тұрғыда бізде нақты ұсыныстар бар, сондықтан бизнес-форумның аясында жобаларды тыңғылықты талқылауға әзірміз», - деді министр. Министр Қазақстанда бизнес үшін мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары қамтылғанын, сондай-ақ инвестициялық және салықтық жеңілдіктер қарастырылғанын атап өтті. «Бізде 10 арнайы экономикалық аймақ, 20 индустриялық аймақ қызмет етуде. Индустриялық аймақтарды дамыту саласында БАӘ-нің үлкен тәжірибесі қызықтырып отыр. Біз аймақтарды бірлесіп дамытуға және олардың кейбірін Әмірліктер компанияларының басқаруына беруге дайынбыз», - деді Қасымбек.