Жаңалықтар

Ақтөбеде 423 несиелік тұрғын үй бой көтермек

ашық дереккөзі

Ақтөбеде 423 несиелік тұрғын үй бой көтермек

Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 423 жеке несиелік тұрғын үй салынады,  – деп хабарлайды 24.kz арнасы. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жеке тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша пилоттық жобамен жүзеге асырылып жатқан «Нұр Ақтөбе» тұрғын алабы бар. Ақтөбе облысы әкімдігінің хабарлауынша, ең бірінші кезекте аталмыш бағдарлама аясында жеке тұрғын үй құрылысы халыққа бөлінген инфрақұрылымдармен жабдықталған жер телімдерінде өздерінің қаражатымен жалғасатын болады. Алдағы уақытта жер телімдеріне тұрғандар кезегін төмендету үшін облыста жыл сайын 15 мың жер телімдерін беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар,  Ақтөбе  қаласының «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында құны 10 миллиард теңге болатын пилоттық жобаны жүзеге асыру аясында тез тұрғызылатын аз қабатты тұрғын үйлердің құрылысын жүзеге асыру жоспарда бар. Тұрғын үй алабында детальдық жоспарлау жобасымен дайындалған жалпы алаңы 151 гектар болатын бірнеше шағын аудандар бар. Қазіргі таңда жеке  тұрғын үй құрылысы үшін жер телімі кезегінде 110 мың ақтөбелік тұр. Баспананың бір шаршы метрі 120,0 мың теңгеден аспайтын болады. 2017- 2018 жылдары облыстағы 2800 жанұяны тұрмысқа жайлы баспанамен қамтитын «таунхаус» типіндегі жалпы алаңы 153,0 болатын 60 үш қабатты тұрғын үй тұрғызылмақ.