Жаңалықтар

70-тегі Шварценеггер "Терминатор" фильмінің алтыншы бөліміне түспекші

ашық дереккөзі

70-тегі Шварценеггер "Терминатор" фильмінің алтыншы бөліміне түспекші

"I'll be back": 70-тегі Шварценеггер "Терминатор" фильмінің алтыншы бөліміне түсе ме? Голливуд актері әрі америкалық Калифорния штатының экс-губернаторы Арнольд Шварценеггер "Терминатор" фильмінің алтыншы бөлімінде түсуге ниетті екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости Mirror басылымына сілтеме жасап.  Актер таяуда режиссер Джеймс Кэмеронмен кездескенін, блокбастердің жалғасы жайлы ақылдасқанын хабарлаған. "Ол (фильм) оралады. Ол алға жылжып келеді. Оның (Кэмеронның) франшизаны жалғастыру бойынша бірнеше жақсы идеясы бар", - деп мәлімдеді 70-ке келіп қалған Шварценеггер.  "Мен фильмде боламын", - деді ол.