Жаңалықтар

«WorldSkills Kazakhstan-2017» чемпионаты өтті

ашық дереккөзі

«WorldSkills Kazakhstan-2017» чемпионаты өтті

 Астана қаласында өткен «WorldSkills Kazakhstan-2017» ұлт­тық чемпионатында Ақмола облысының ко­ман­дасы сегіз алтын, бір күміс және жеті қола медальға ие болды. Отыз біліктілік шарты бойынша өткен сайыс­­та бетон жұмыстары, витри­нис­­тика, мер­чендайзинг және флорис­тика сияқ­ты машықтар сарапқа салын­ды. Үш жүзге тарта қатысушы дәне­кер­леу­ші, қалақшы, шаштараз, даяшы және өзге де мамандықтарда бақтарын сынасты. Ақмола облысы Ұлттық чемпионатта 25 біліктілік бойынша сайысқа қатысып, 16 медальға ие болды. Бұл негізінен республика көлемінде ең жақсы көрсеткіш саналады. Атап айтқанда, Көкшетау қаласының Жоғары колледжінің оқушылары Диас Дулат пен Ана­толий Тыщенко «Токарьлық іс» және «Шанақ жұмыстары» сайысында алтыннан алқа тағынды.  Сол колледждің тағы бір оқушы­сы Валерий Водницкий «Ағаш шебері ісі» бойынша жеңіс тұғы­рынан көрінді. Бұдан басқа, Көк­шетау қаласының №1 Құры­лыс-техникалық коллед­жінің оқушылары Максим Бель­ченков пен Анна Бобылева «Дәнекерлеу ісі» және «Сырлау жұмыстары» бойынша жеңімпаз атанды. Және де Красный Яр қаласының №3 Агро­техникалық колледжінің оқу­шысы Валерий Они­щенко «Сан­техника және жылыту» бойын­ша алтын медальға ие болған­дығын да айта кету керек.  Енді ал­тын жүлде иегерлері Қазақ­стан құра­масы сапында елімізді «WorldSkills Russia» халық­аралық чем­пио­натында таныстыратын болады.