Жаңалықтар

"Реал" - 33-мәрте Испания чемпионы

ашық дереккөзі

"Реал" - 33-мәрте Испания чемпионы

"Реал" футбол клубы Испания чемпионы атанды. Зиннедин Зидан шәкірттері соңғы турдағы ойынын сырт алаңда өткізіп, "Малаганы" ұтты деп хабарлайды Vesti.kz.

Чемпиондық атаққа талас соңғы турға дейін сақталды. Маңызды ойында ұпайдан шашау шығармаған "Реал" командасы "Малаганы" 2:0 есебімен ұтып, чемпиондық атаққа қол жеткізді.

"Корольдік клуб" сапынан Криштиану Роналду мен Карим Бензема гол соқты. Бұл - "Реалдың" 33-ші рет Испания чемпионы атануы. Соңғы рет команда бұл атаққа 2011/2012 жылғы маусымда қол жеткізді.