Бейбіт шаршы алаңға қашан оралады?

Бейбіт шаршы алаңға қашан оралады?

Бейбіт шаршы алаңға қашан оралады?
ашық дереккөзі
Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовтің (17-2, 11 КО) жаттықтырушыларының бірі Тейлор Берри өз қамқоршылығындағы спортшының жуырдағы алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.  «Бейбіт Шүменов ауыр жарақаттан кейін қалпына келе бастады және жыл соңына дейін WBA әлем чемпионы белбеуін қорғайды», - деп жазды Берри Instagram парақшасында. WBA-ның «тұрақты» чемпионы Шүменов 29 сәуір күні бірінші ауыр салмақта аталмыш титулдың «уақытша» иесі кубалық Юниер Дортикоспен (21-0, 20 КО) айқасуы тиіс болатын, алайда қазақстандық спортшының ауыр жарақат алуына байланысты жекпе-жек кейінге қалдырылды.