Қытайлық дәрігерлер ота жасау кезінде төбелесті

Қытайлық дәрігерлер ота жасау кезінде төбелесті

Қытайлық дәрігерлер ота жасау кезінде төбелесті
ашық дереккөзі
Қытайда таңғаларлық оқиға орын алды  - ота жасау бөліміндегі екі дәрігер арасында жанжал туып, олар дәл ота жасау үстінде бір біріне жұдырық ала жүгірген. Жанжалдың видеосын Shanghaiist  порталы жариялады. Журналистердің мәлімдеуінше, медицина қызметкерлері төбелесінің видеосы Ланькаодағы (Хэнань қытай провинциясы)  ауруханалардың бірінде түсірілген. Видеодан бастапқыда медбикенің мейіргермен келіспей жатқандығын байқауға болады, ал ол медбикеге қолғап лақтырады. Ашуланған әйел қарсыласына жұдырық ала жүгіргенімен, ер азаматтың тарапынан қатты тойтарыс беріледі. Осыдан кейін операция жасау бөліміндегі басқа дәрігерлер араласып, әріптестер арасындағы жанжал салдарынан ота жасау ісін тоқтатуға тура келген.   Қазіргі уақытта болған оқиға ісімен  Ланькао үезінің полициялары және  жанжал шыққан аурухананың басшылары  айналысып жатыр.   https://www.youtube.com/watch?v=ZCbvTYphsv8