Жаңалықтар

Мәскеудегі қазақстандық студенттер домбыра-party өткізді

ашық дереккөзі

Мәскеудегі қазақстандық студенттер домбыра-party өткізді

Мамырдың мамыражай күнінде Мәскеудегі ұлы Абайдың ескерткіші орналасқан «Чистых прудах» алаңында домбыра үні әуеледі. Қазақстандық  талантты жастар көпшілік алдында белгілі күй шеберлерінің  туындыларын орындады. Жыл сайын өткізілуі дәстүрге айналып келе жатқан «Домбыра-party» акциясы  сенбілік кеште серуен құрған Ресей астанасының тұрғындары мен қонақтарының назарын аударды.  Кез келгеннің  домбыра үнінен ләззат алу мүмкіндігі болды. «Домбыра-party» ұйымдастырушылары қазақстандық студенттер - РФ СІМ дипломатиялық академиясының тыңдаушылары Нұрлан Бертісов пен Талант Оңғаров, ҰЗУ ЭЖМ-інің магистранты Сәния Жұмабаева, сондай-ақ, Мәскеудегі «Мұрагер» қазақ мәдениеті қоғамының  белсенді жастары.