Жаңалықтар

Түрмеден шыққандарға бейімдеу орталығы ашылды

ашық дереккөзі

Түрмеден шыққандарға бейімдеу орталығы ашылды

Қарағанды қаласында түрмеден шыққан азаматтарды бейімдеу орталығы ашылды.  Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады. Аталған бастама Қазақстанда алғаш рет қолға алынып отыр. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос Әбішевтің айтуынша, орталық ашылғалы мамандардың көмегіне жүгінген адам саны 60-қа жеткен. "Өткен жылы түрмеден шыққан 132 адам орта білім туралы аттестатты алды, тағы 81 азаматқа негізгі білімі бар деген куәлік берілді. 6 түзеу мекемесінде кәсіби білім беру топтары жасақталды. Ол жерде 222 адам білім алып жатыр. Бизнесмендер де ондай адамдарға жұмысқа тұру үшін квота бөліп отыр. Осы уақытқа дейін 200 адам жұмысқа тұрды. Ал бизнеспен айналысамын деушілер өз кәсібін ашу үшін несие ала алады. Мәселен, Осакаровка ауданының бір тұрғыны мал шаруашылығымен айналысамын деп, 3 миллион теңге көлемінде несие алды", - дейді Әбішев. Бұл бастаманың тиімділігін ескере отырып, алдағы уақытта тағы екі бөлімшені ашу жоспарланып отыр екен. Бұдан бөлек, арнайы жобаның аясында заңгерлік көмек қана емес, қаржылай қолдау да жасалады. Ол үшін жергілікті бюджеттен 22 миллион теңге бөлінген.