Мәскеулік кәсіпкердің «Бауырсақ» атты дүкені Ресейде ірі желіге айналмақ

Мәскеулік кәсіпкердің «Бауырсақ» атты дүкені Ресейде ірі желіге айналмақ

Мәскеулік кәсіпкердің «Бауырсақ» атты дүкені Ресейде ірі желіге айналмақ
ашық дереккөзі
Қазақстандық өнімдер Ресей нарығында кең сұранысқа ие бола бастады. Сапа жағынан бәсекеге қабілетті, бағасы тұрақты тауарларға ресейліктердің қызығушылығы зор. Әсіресе, «Бауырсақ» дүкенінің өнімдерін мәскеуліктер сүйсініп жейді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.  Дүкен Мәскеуде осыдан бес жыл бұрын ашылған. Иесі Кондаковтар жанұясы алдағы қыркүйек айында тағы екі дүкен ашуды жоспарлап отыр. Олар бизнесті дамытудың жаңа сатысына көшуді көздейді. «Бауырсақ» брендімен франшиза сатпақ. Оның құны 400 мың рубль немесе 2 млн теңгеге жуықтайды. Франшизаның алғашқы қожайыны «Бауырсақты» Мәскеу маңындағы елді мекенде ашпақ. Елена Кондакова, дүкендер желісінің иесі: - Алғашқы франшиза сатып алушымыз бар. Біз өте қуаныштымыз. Жаңа тасымалдаушылармен серіктестік орнатып жатырмыз. Жарнамамыз да жақсы. Әсіресе, интернет-дүкеніміз белсенді жұмыс істейді. Үйге жеткізіп берумен де айналысамыз. Ольга Реброва, франшизаны сатып алушы: - Тұрғындар біздің қазақстандық өнімдерді сататынымызды естігенде қатты қуанды. Себебі, бұл өнімдерге сұраныс көп. Әзірге бір дүкен ашуды жоспарладық. Болашақта үшеуін ашамыз деген ойдамын. Қазы, шұжық, кымыз, шұбат – бәрі осында. Мұнда 40-қа жуық қазақстандық компанияның 2400-ден астам тауар түрі қойылған. Шайдан бастап тәттілерге дейін осы сауда сөресінен табылады. Тұтынушылар мұнда сапалы азық-түлік сатып алу үшін келетінін айтады. Галина Чибизова, тұтынушы: - Мұнда бәрі сапалы, әрі дәмді. Әсіресе тоқаштары бал татиды. Тұрақты тұтынушының бірімін.  Қазақстандық азық-түлік өнімдеріне Ресейдің өзге қалаларында да сұраныс арта бастаған. Рязань, Астрахань және Самара қалаларының дүкендерінен отандық өнім жақында табылуы мүмкін.