Жаңалықтар

Қостанайда қыз зорлаған адвокатқа рақымшылық жасалды. Неге?

ашық дереккөзі

Қостанайда қыз зорлаған адвокатқа рақымшылық жасалды. Неге?

Қазақстандық белгілі адвокат Жохар Өтебеков қыз зорлады деп айыпталған адвокатқа рақымшылық жасаған қостанайлық соттың шешіміне наразы болды. Бұл туралы ол Facebook желісінде жазды. Заңгер зорлықшыны бостандыққа жібермеу керек екенін айтып отыр, оның пікірінше, рақымшылық жасаған мемлекет әйелдердің құқын таптап жатыр. "Қыз зорлады деп айыпталған кезекті адамға рақымшылық жасалды. Ол темір тордың арғы бетінде бірде-бір күн болмады. Тіпті Василий Ни мен Мақсат Үсенов уақытша ұстау изоляторында болған. Бұл Қостанайда болған жағдай. Жәбірленушілер еліміз бойынша қорланып жатыр. Желтоқсанда парламент бірнеше күннің ішінде рақымшылық туралы заңды асығып қабылдаған. Зорлықшыларды бостандыққа шығармау керек деп бірнеше мәрте айтып келемін. Өкінішке қарай, тыңдар құлақ болмады. Қазақстанда зорлау - орта деңгейдегі қылмыс. Басқа елдің барлығында бұл ауыр қылмыс саналады", - дейді адвокат. Айтуынша, осындай істердің басым бөлігі бітімгершілікпен аяқталады және жәбірленушіні осы әрекетке баруға мәжбүрлейді екен. "Зорлықшыларға рақымшылық беру мемлекеттің әйелдердің құқын заң деңгейінде сақтамай отырғанын дәлелдеді. Заңның өзі заңсыз. Меніңше, бұл биліктің кең етек жайған гендерлік дискриминациясы. Барлық жәбірленушіге рақымшылық алған зорлықшыларымен күресу үшін құқыққорғаушылардың көмегіне жүгінуді ұсынамын. Ең болмағанда жаңа зорлық оқиғалары болмауы үшін. Өз кезегінде құқыққорғаушыларға осы жағдайларға назар аударуды ұсынамын. Зорлықшыларға рақымшылық жасау БҰҰ-ның әйелдерге қатысты зорлық мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысына, БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты шеттету жөніндегі комитетіне немесе БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетіне арыз жазуға себеп", - деп мәлімдеді ол. Осылай дей келе Өтебеков шенеуніктерге өз ұсыныс айтты: "Шенеуніктерге даусымды естіртемін деп үміттенемін. Әйелдерге қатысты зорлық жасағандар бойынша халықаралық міндеттемелеріңізді орындаңыздар! Қылмыстық кодекске қарапайым әрі айқын түзетулерді енгізіңіздер. 1. Зорлық құрамын орта дәрежедегі қылмыстан ауыр дәрежедегі қылмысқа ауыстыру. Бостандықтан айыру мерзімдерін ұзарту. 2. Зорлау бойынша сотталғандарға рақымшылықтарға тыйым салу (толықтай). 3. Зорлау бабы бойынша істі бітімге келу арқылы тоқтатуға тыйым салу".  Жохар Өтебеков. © facebook Еске салайық, Қостанай аудандық соты 1952 жылғы адвокат Бақытжан Хасеновке (ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы) қатысты үкім шығарған болатын. Ол "Зорлау" бабы бойынша айыпты деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда рақымшылыққа ілініп, негізгі жазадан құтылып кеткен еді. Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 21 қарашасында шамамен  сағат 17.00-де Хасенов бір қызды алдап, өзінің көлігімен Қостанай ауданындағы Затобольск ауылына әкеліп, Қостанай-Сарыкөл тасжолына жеткенде оны көліктің салонында зорлаған.