Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған бəйге өтті

Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған бəйге өтті

Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған бəйге өтті
ашық дереккөзі
Талдықорғанда Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған  бәйге мəресіне  жетті. Аламан жарыста талдықорғандық Ербол Сəдуақасовтың "Сұлтан" атты сəйгүлігі өзге жүйріктерден оқ бойы озық келіп, бірінші орынды қанжығалады.  Жүлдеге түйе тігілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  Шабандозы Мансұр 9 жаста. Осымен жетінші рет жүлдеге ие болғанын айтты. Ал екінші  болып мəре сызығына  Айдар Темірғалиевтың "Ши қасқасы" жетті. Жеңімпазға жылқы берілді. Үшінші орын Əділ Кеңестің "Еркемай" жылқысына бұйырды. Сарқандық тұрғын ірі қараны қанжығалады. Төртінші жəне бесінші болып келген шабандоздар да жүлдесіз қайтпады. Ал құнан бәйгеде Бауыржан Əміржановтың "Зымыран" атты  сəйгүлігі бірінші келді. Жүлдеге - түйе.  Екінші орын ақсулық  Дияс Сейсебаевтың "Бонус" жылқысына бұйырды.  Үшінші болып  егінсулық Құмарғали Баяхметовтың аты келіп, ірі қараны қанжығалады. Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған шараға олимпиада жеңімпаздары  Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ибраимов, олимпиаданың қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров сынды елге танымал азаматтар да қатысуда.  Сондай-ақ жарысқа арнайы келген "Алашұлы" тобы өнер көрсетті. Шара соңында Алаш арыстарының рухына құран бағышталып, ас берілді. Айта кету керек, аталған шара талдықорғандық тұрғын Бауыржан Барлыбаевтың тікелей ұйымдастыруымен өтті.