БАҚ өкілдері арасында байқау жарияланды

БАҚ өкілдері арасында байқау жарияланды

БАҚ өкілдері арасында байқау жарияланды
ашық дереккөзі
БАҚ өкілдеріне арналған кезекті байқауды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жариялады.  Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметіне хабарлады. Конкурстың тақырыбы - «Кәсіби мемлекеттік қызмет - бәсекелестіктің кілті». Оған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлер қатыса алады. «Конкурсқа 1 қаңтар мен 10 маусым аралығында баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдарында, теледидар мен әлеуметтік желілерде жарық көрген журналистік материалдар қабылданады. Жеңімпаздар төрт аталым - «Үздік теле/радио сюжет немес теле/радио сюжеттер циклі», «Баспа беттеріндегі үздік материал», «Электронды бұқаралық ақпарат құралдарының үздік материалы» және «Әлеуметтік желіледегі үздік материал» бойынша марапатталады», - делінген ресми хабарламада.