СІМ қазақстандықтардың Оңтүстік Корея әуежайында неліктен бөгелгенін түсіндірді

СІМ қазақстандықтардың Оңтүстік Корея әуежайында неліктен бөгелгенін түсіндірді

СІМ қазақстандықтардың Оңтүстік Корея әуежайында неліктен бөгелгенін түсіндірді
ашық дереккөзі
ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов әуежай қызметкерлерінің қазақстандықтарды неліктен Оңтүстік Кореядағы Инчхон қаласының әуежайында ұстағандарын түсіндіріп берді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Соңғы бірнеше күн ішінде Инчхон әуежайыны көші-қон қызметі Алматы мен Ташкенттен келген Қазақстанның 15-тен аса азаматын елге кіргізуден бас тартты. Олардың үшеуі ғана біздің елшілікке хабарласып, көмек сұрады. Азаматтар әуежайдағылардың неліктен елге кіргізуден бас тартқанын түсіндіріп беруді сұрады. Ал қалғандары неліктен елге кіре алмағандарын білген сияқты", - деп жазды Жайнақов. Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар жедел түрде әуежайдың көші-қон қызметінің өкілдерімен хабарласқан. Олар болса елшілікке келген екі адамның елде заңсыз жүргенін айтқан. Ал екінші ер адамға бас тартуының себебі оның елге келуінің себебі көрсетілмеген. Сондай-ақ, Жайнақовтың айтуынша, басқа қазақстандық азаматтар елге тексерістен еш кедергісіз өтіп жатқан. "Қазақстанның СІМ өкілдері оңтүстіккореялық әріптестерімен осы проблема жайлы кеңесіп жатыр. Таяуда Астанада өткен екіжақты кездесуде басты мәселелердің бірі Корея Республикасына туризм, іскерлік мәселелермен немесе ем алу үшін келген Қазақстан азаматтарын депортациялау мәселелері болды. Кореяның дипломаттары осы жағдайға түсіністікпен қарап, жақын арада Сеульде Кореяның көші-қон қызметімен осы мәселе бойынша ведомствоаралық кеңес өткізуге уәде берді", - деп айтып өтті ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы. Осыған дейін Оңтүстік Корея әуежайының қызметкерлері қазақстандықтарды жертөледе қамап ұстап отырғаны жайлы хабарланған болатын. "Барлығымыз қонақүйдің ақшасын төлеп қойғанбыз. Сақтандыру құжаттарымыз бар. Жеке басым Кореяны көруге келген едім. Бірақ қазір жертөледе жатырмыз", - деген еді Хандамир Құдіретов.