Димаш Қытайдағы танымал журналға сұхбат берді

19 мамыр, 2017 / Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
ашық дереккөзі
Димаш Қытайдағы танымал журналға сұхбат берді Қытайда белгілі «Easy» журналы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеновке бірнеше бетін арнады. «Журналдың кезекті нөмірінде басылым әншінің суреттерін жариялады», – деп хабарлады Instagram желісіндегі жас орындаушының @dimash_alpanda атты жанкүйерлер парақшасы. Сондай-ақ, жанкүйерлер парақшасында Димаштың «Easy» журналына берген сұхбатынан үзінді келтірілген: Үйден шыққанда әдетте өзіңмен бірге нені алып жүресің? – Кілт. Соңғы уақыттарда  алаңдатып жүрген жайттар бар ма?   – Мені ештеңе алаңдата алмайды.   – Таңертең ояну үшін оятқыш қолданасың ба? – Ұйқыдан оятуға біреу көмектессе ғой.   – Алған сыйлықтарыңның ішінде қатты ұнағаны бар ма? – Әр сыйлық ерекше. – Сүйікті нақылың? – Барлығы.  Соңғы рет қай тректі тыңдадың? – Michael Jackson – Beat It. – Ұйықтар алдында не істейсің? – Амандығым үшін дұға оқимын.  –  Дене бітіміңнен өзіңе ең ұнайтын бөлігі қайсы?  – Мұндай сұраққа жауап беру ыңғайсыз екен! Айтпаймын. – Балалық арманың? – Атақты әнші болу. – Бізге әлі де беймәлім  қабілеттерің бар ма? – Өте көп,  ха-ха-ха, қалжың. Алдағы уақытта біртіндеп өздеріңіз көресіздер.