Жаңалықтар

Биыл Тәжікстанда қажылық сапардың бағасы 3,6 мың доллар

ашық дереккөзі

Биыл Тәжікстанда қажылық сапардың бағасы 3,6 мың доллар

Биыл Меккеге қажылыққа барғысы келетін тәжікстандықтың қалтасында 33 мың сомони немесе 3 мың 630 АҚШ доллары болуы қажет. Былтырғы жылмен салыстырғанда 4 мың сомониға қымбаттаған. Тәжікстанның дін істері, дәстүрді реттеу жөніндегі комитеті доллармен шаққанда жолдаманың құны өзгерген жоқ деп мәлімдеді. Комитеттің баспасөз хатшысы Афшин Муким доллар бағамының қымбаттауы қажылыққа баратын жолдама бағасына да әсер етті дейді. Себебі комитет Сауд Арабияның қызмет көрсету комитетімен келісімді доллармен жасайды екен. Оның сөздерінше, биыл Сауд Арабия елі әрбір қажылыққа баратын адамнан 52 доллар патшалық салық жинайды. Жыл сайын Тәжікстаннан 6 мыңнан астам адам Меккеге үлкен қажылыққа аттанады. Бұл жолы қажылық сапар тамыз айының ортасында басталады.