Жаңалықтар

Мирзияев пен Рахмон мұсылман елдері және АҚШ саммитіне қатысады

ашық дереккөзі

Мирзияев пен Рахмон мұсылман елдері және АҚШ саммитіне қатысады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон 21 мамырда Эр-Риядта Мұсылман елдері және АҚШ саммитіне қатысады. Мемлекет басшылары Эр-Риядқа Сауд Арабиясының королі Салман бин Абдуләзіз Әл Саудтың шақыртуымен барады. Өзбекстан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мирзияев мұнда екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған. Тәжікстан президент аппаратындағы дереккөздің хабарлауынша, тәжік басшысы Эмомали Рахмон саммитте баяндама жасауы мүмкін. Саммитке Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф, Ауғанстан президенті Ашраф Гани шақыртылған. Кездесуге АҚШ президенті Дональд Трамп қатысады, ол - осы саммиттің құрылтайшыларының бірі.