Жаңалықтар

Головкин жеңсе, нокаутпен жеңеді

ашық дереккөзі

Головкин жеңсе, нокаутпен жеңеді

Бұрындары "Астана арландарын" жаттықтырған белгілі украиналық бапкер Сергей Корчинский Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді.  – Сергей Анатольевич, Головкин-Альварес жекпе-жегінің тактикалық көрінісі туралы бұрын айтқансыз. Сіздің ойыңызша жекпе-жек нокаутпен әлде ұпай санымен аяқталады ма? - Головкин ұтар болса, ол жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтайды. Егер жеңіс Альвареске бұйырса, ұпаймен.  - Сіздің ойыңызша, Альваресті жеңіске әкелуі мүмкін артықшылығы қандай және Головкин мұнымен қалай күресу керек? - Альварес жас және өз-өзіне жылдам келеді. Алайда ринг төрін иемдене алса, Головкин жекпе-жекті басқаратын болады. Бұл кұш-қуатты дұрыс жұмсауға септігін тигізеді.  Еске салайық, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекке белгіленген. Кездесу орта салмақта (160 фунтта) өтеді. Енді жекпе-жектің өтетін орнын таңдау ғана қалды.