Жаңалықтар

PR-форум: Соңғы 25 жыл ішінде GR коммуникациялар тасада қалды

ашық дереккөзі

PR-форум: Соңғы 25 жыл ішінде GR коммуникациялар тасада қалды

Бүгін Қазақстандағы PR күндер аясында өтіп жатқан жыл сайынғы ХІІІ Халықаралық PR-форумы мәреге жетуге жақын. Форум аясында өткен төртінші секцияның жұмысы «Компания жұмысындағы GR-коммуникациялар» мәселесіне арналды, - дейді "Егемен Қазақстан" газетінің тілшісі.  Бұл отырыста PR-шы клубының президенті Аида Досаева, Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің директоры Агрис Прейманис, «Самұрық Қазына» АҚ Үкіметпен өзара әрекеттесу жөніндегі басқарушы директоры Нұрлан Ахметов, Үкіметпен байланыс жөніндегі тәуелсіз кеңесші Марғұлан Оспанов сынды басқа да спикерлер мінберден сөз сөйледі.  Қазақстанда GR қызметі (мемлекеттік билік органдарымен байланыс, нақтырақ айтқанда, компаниялардың мемлекеттік биліктің шешімдеріне ықпал ету мақсатындағы іс-әрекеттері) біздің нарыққа жаһандық компаниялардың келуімен пайда болды. Дегенмен, соңғы 25 жыл ішінде GR коммуникациялар тасада қалып отыр, бұл қызмет туралы жазып не айтып жатқандарды көрмейсің, дейді спикерлер.  Үкіметпен байланыс орнатуда тәуелсіз кеңесші Марғұлан Оспанов «GR-ды көлеңкеден шығару керек», дейді. Оның жасаған зерттеуі бойынша, қазақстандық GR-маманының келбеті төмендегідей анықталған.  Бұл жасы 30-40 жыл шамасында, негізінен экономика және қаржы саласында білімі бар, мұнай-газ саласын таңдайтын, мемлекеттік немесе мемлекет қатысуымен иеленген компанияларда жұмыс істейтін азамат.  Сонымен қатар, спикер бұл мамандық бойынша жоғарғы білім беретін арнайы оқу орындардың біздің елде жоқ екенін атап өтті. Шетелдерде дәл осы мамандыққа қатысты мықты білімді АҚШ және Ұлыбританияның университеттері береді.