Жаңалықтар

Астанада көшеге Әлихан Бөкейхан есімі беріледі

ашық дереккөзі

Астанада көшеге Әлихан Бөкейхан есімі беріледі

Астананың сол жақ жағалауында Әлихан Бөкейханға және Хусейн бен Талалға көше аты беріледі. Бұл туралы Астананың Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Астана әкімдігінде ономастикалық комиссия қарауына "Алаш" қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейханға және 1952-1999 жылдары аралығында Иорданияның президенті болған Хусейн бен Талалға елордада көше атын беру ұсынылды. "Әкімдік осы бағытта жұмыс істеп, "Есіл" ауданындағы көрікті әрі инфрақұрылымы дамыған көшелерден беруді дұрыс деп ойлаймыз. Қорытындылай келе, Еңбекшілер көшесін және жобаланған нөмірі 36-шы көшені біріктіріп, Әлихан Бөкейхан есімін бермекпіз. Ал А31 жобаланған көшесіне Хусейн бен Талал есімін береміз", - деді Қышқашбаев. Оның айтуынша, тұрғындардың пікірі Астананың қоғамдық кеңесінде талқыланған. Қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан осы ұсынысты қолдаған. Еске салайық, өткен жылдың қарашасында Орынбор көшесінің атауы Мәңгілік ел болып өзгерді. Ал 2017 жылдың наурызында Сарайшық көшесінің бөлігі де өзгерген.