Трамптың алғашқы сапары – Мекке, Иерусалим және Ватикан

Трамптың алғашқы сапары – Мекке, Иерусалим және Ватикан

Трамптың алғашқы сапары – Мекке, Иерусалим және Ватикан
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні өзінің қызметке кіріскеннен бергі алғашқы ресми сапарына шығады деп хабарлайды "The Qazaq Times". Бұл сапары Таяу Шығыс бейбіт процесіне және бірлескен еуропалық одақтастарының лаңкестікке қарсы күресіне жәрдемдесу мақсатына бағытталады деп хабарланды. Бірақ ол Құрама Штат дөп келіп отырған ішкі саяси мәселелерге қолды бір-ақ сілтеп кеткелі тұр. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлаған болатын. Трамптың бұл реткі сапары тоғыз күнге жалғаспақ. Сауд Арабиясы мен Израильде де арнаулы сапарда болады. Ватиканда болып Рим Папасымен де жолықпақ. Сондай-ақ, ЕО-ның бірнеше маңызды тұлғалары мен НАТО-ның Брюссельдегі басшыларына кездесуді жоспарлап отыр. АҚШ мемлекеттік істер хатшысы Рекс Тиллерсон кеше жасаған мәлімдемесінде: «Президент Трамптың бұл реткі сапары мынаны білдіреді – Америка Құрама Штаты саяси аренаға ғалам дамуының сындарлы көшбасшысы ретінде қайта оралды», – деді. Ол және: «Президент Трамп осы сапарында ұлттық көшбасшы ретінде соғыс және бейбітшілік мәселелерін шешуге тырысады», – деді. Сонымен, президенттікке келмей тұрып-ақ, әлемді дүбірге салған АҚШ президенті алғаш рет шетелдегі ресми сапарын бүгін бастағалы тұр. Бұл Трамп үкіметінің сыртқы саясатында әзірге дейін анық болмаған кейбір істерді ашып көрсетумен бірге, әлемдік ақпарат кеңістігіне дүбірлі оқиғаларды алып келу бек мүмкін. Тіпті, бұл сапар болашақ бірнеше жылда әлемдік маңызды оқиғалардың мұрындығы болары анық.