Жаңалықтар

Данияр Елеусінов келісімшарттан бас тартты

ашық дереккөзі

Данияр Елеусінов келісімшарттан бас тартты

Риодағы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Sports.kz-ке кәсіпқой боксқа неліктен өтпегені туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». «Шынымды айтсам, мен қазір MJA Entertainment's промоутерлік компаниясы және Майк Альтамурмен келісімшартты тоқтаттым, себебі ол келісімшарт бойынша орындауға міндетті дүниелерді - уәде еткен дүниелерді істей алмады. Біз енді онымен жұмыс істемейміз. Басқа нұсқаларды қарастырып көрген жоқпын. Жақын арада мансабымды ары қарай қалай дамытатыным туралы шешім қабылдаймын. Құрамаға қайта оралатын шығармын», - деп мәлімдеді Данияр Елеусінов.