Жаңалықтар

Стамбұлда IV Дүниежүзілік Түркі форумы өтіп жатыр

ашық дереккөзі

Стамбұлда IV Дүниежүзілік Түркі форумы өтіп жатыр

Стамбұл қаласында «Қоғамдық дипломатия, Медиа, Ақпарат» тақырыбына IV Дүниежүзілік Түркі форумы басталды. І Дүниежүзілік соғыста Чанаккаледе қаза тапқан шейіттердің рухына арналған форумға Жер шарының 60-тан астам елінен 400-ге жуық делегат қатысуда.

Шараны ұйымдастырушы TASAM ұйымының президенті Сүлейман Шенсой форумның ашылу салтанатында түркітілдес елдер мен диаспоралар арасындағы ынтымақтастық пен серіктесті нығайту, жобалар мен жоспарларды жүзеге асыру, алға қойған мақсат-міндеттер туралы айтты. Бірлік жолында кедергілерді жоюдың жолдарын қарастырған Шенсой мырза: «І Дүниежүзілік соғыста Османлы мемлекеті 3 миллионнан асты. Люсвилл университетінің профессоры Джастин МакКарти «100 жылдан бері османлылардың армяндарды қырғаны жайлы дерек бар. Керісінше, армяндардың түріктерді қырғанын дәлелдейтін қолымызда мыңдаған дерек бар. Османлылардың архивтері ашық, армяндар жауып тастаған» деді. Бүгін түркі халықтарының осында жиылуы бірліктің дәлелі», - дей келе, «Біз, түркі халықтары, Чанаккале рухына мұқтажбыз», – деді. Форумда ең көп айтылған мәселе – армян геноциді. Армяндар өздеріне қатысты «армян қырғыны» деген тақырыпта 26 мың кітап жазып, әлемнің түкпір-түкпіріне таратыпты. Ал түркілер небары 36 кітап... Армяндар тарапынан лоббистердің не себепті көп болуы осыдан белгілі. Әзірбайжандағы Диаспора министрінің орынбасары Валех Хаджиев: Чанаккаледегі Отан қорғау жолында шейіт болған құрбандарды еске ала келе, армян геноциді мәселесіне тоқталды: «Түркия мен Әзірбайжанның ғана емес, Еуропа, Англия, Франция архивлері ашылыпты армян геноцидіне қатысты. Бірақ соңғы кездері еуропалықтардың сол архивтегі тарихи деректерді көрмегенсіп, жаңсақ пікірлерге жол беруі көңілге қаяу түсіреді. Бірақ бізге жасалып жатқан әділетсіздіктерге қарсы тұрғанда ғана мәселе шешімін табады», – деді. Екі күнге созылатын шарада түркі әлеміне қатысты бірқатар мәселе талқыға салынып, «Қызыл алма» марапатына ие азаматтарға сыйлықтар табысталады.

Нәзия Жоямергенқызы, "Түркістан" үшін арнайы Стамбұлдан

[gallery size="medium" td_select_gallery_slide="slide" ids="eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE1XC8wNFwvMTExNzg1NTVfMTAyMDQyOTI0NDI0NTc4MTFfMTcwNjQ2MzIzNl9uLmpwZyIsInRpdGxlIjoiMTExNzg1NTVfMTAyMDQyOTI0NDI0NTc4MTFfMTcwNjQ2MzIzNl9uIiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE1XC8wNFwvMTEwOTMzODBfMTAyMDQyOTI1Nzk2MjEyNDBfMTA5MTA5NjExNl9uLmpwZyIsInRpdGxlIjoiMTEwOTMzODBfMTAyMDQyOTI1Nzk2MjEyNDBfMTA5MTA5NjExNl9uIiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE1XC8wNFwvMTExMjExMzBfMTAyMDQyOTI0Mzk5Mzc3NDhfMTg0MTc3NDUwOV9uLmpwZyIsInRpdGxlIjoiMTExMjExMzBfMTAyMDQyOTI0Mzk5Mzc3NDhfMTg0MTc3NDUwOV9uIiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE1XC8wNFwvMTExNjAyNDlfMTAyMDQyOTI0NDAyNTc3NTZfNDYxNjY1ODE1X24uanBnIiwidGl0bGUiOiIxMTE2MDI0OV8xMDIwNDI5MjQ0MDI1Nzc1Nl80NjE2NjU4MTVfbiIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE1XC8wNFwvMTExMjg3NTdfMTAyMDQyOTI0NDAwNTc3NTFfMTk1NjcyNjQ5NF9uLmpwZyIsInRpdGxlIjoiMTExMjg3NTdfMTAyMDQyOTI0NDAwNTc3NTFfMTk1NjcyNjQ5NF9uIiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE1XC8wNFwvMTExNzg0ODBfMTAyMDQyOTI0Mzk3Nzc3NDRfMzYwNjk5OTAzX24uanBnIiwidGl0bGUiOiIxMTE3ODQ4MF8xMDIwNDI5MjQzOTc3Nzc0NF8zNjA2OTk5MDNfbiIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE1XC8wNFwvMTExODU2NThfMTAyMDQyOTI0NDI5Nzc4MjRfNjY1MzY0ODY4X24uanBnIiwidGl0bGUiOiIxMTE4NTY1OF8xMDIwNDI5MjQ0Mjk3NzgyNF82NjUzNjQ4NjhfbiIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9"]