Игерілмеген қаржы көлемі бойынша Қорғаныс министрлігі көш бастады

Игерілмеген қаржы көлемі бойынша Қорғаныс министрлігі көш бастады

Игерілмеген қаржы көлемі бойынша Қорғаныс министрлігі көш бастады
ашық дереккөзі

Өткен жылы қазынадан бөлінген қаражаттың 36 млрд теңгесі игерілмей қалды. Көш басында  - Қорғаныс министрлігі, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. Кеше Мәжілісте Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебі тыңдалды. Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, игерілмеген 36 миллиардтың 29 миллиарды Қорғаныс министрілгіне тиеселі. Ішкі істер министрлігі -1,2 млрд, Білім министрлігі - 1 млрд, Сыртқы істер министрлігі - 920 млн теңге. Ауыл шаруашылығы - 870 млн теңге, Әділет министрлігі - 759 млн теңге. Басым бөлігінде тендерге шығатын құжаттар дер кезінде дайын болмаған. Осы орайда барлығы 53 адам жазаға тартылса, оның 18-і республикалық деңгейдегі лауазымды тұлға. Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:  - Ресей Федерациясымен келісімшарт бойынша ұшақ сатып алу жоспарланған. Өкінішке орай, болмай қалды. Партнерларымыз өзінің бағасын көтерген соң, Қорғаныс министрілгі ұшақты алмауға мәжбүр болды. Сондықтан бұл игерілмей қалды.