Биыл Астана студенттерінің оқуы кеш басталады
Биыл Астана студенттерінің оқуы кеш басталады
Елімізде 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында ЭКСПО халықаралық көрмесіне өтетініне байланысты Астанада студенттердің оқуы әдеттегіден кешірек басталады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
"Жалпы қабылданған тәжірибе бойынша оқу жылы бірінші қыркүйекте басталады. ЭКСПО аясында кейбір жоғары оқу орындары оқу процесін 1 қыркүйектен бастауды, бірақ сабақтарды 10 қыркүйектен бастау шешімін қабылдады", — деді Білім және ғылым министрлігінің жоғарғы білім департаментінің директоры Ахмет-Зәкі Дархан.
Оның айтуынша, студенттер үшін оқу жылы қысқармайды, тек бір апта шамасында кейінге шегеріледі.