Жаңалықтар

Бразилия президенті тұтқындалуы мүмкін

ашық дереккөзі

Бразилия президенті тұтқындалуы мүмкін

Бразилияның Федералды жоғарғы сотының судьясы Эдсон Факин жемқорлық фактісі бойынша күдікке алынған ел президенті Мишел Темердің үстінен қылмыстық іс қозғауға рұқсат берді.  Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Тиісті өтінімді Федералды жоғарғы сотына Бас прокуратура жолдады. Кеше бразилиялық кәсіпкерлер, ағайынды Жоэсли және Уэсли Батисталар елдің Федералды жоғарғы сотына бейнежазба жолдаған.Онда Темердің елдің экс-президенті Дилма Русефтің импичментінің бастамашысы болған парламенттің төменгі палатасының бұрынғы спикері Эдуарду Куньяны параға сатып алуды сұраған сәті түсірілген. Globo телеарнасының мәліметінше, ақшалар Куньяның «тіл қатпауын сатып алуға» арналған. Темер өз кезегінде Куньяны параға сатып алмақ болды деген өзіне қатысты айыптарды жоққа шығарды.