Димаш қатысқан шоу Қазақстанда да ұйымдастырылады

Димаш қатысқан шоу Қазақстанда да ұйымдастырылады

Димаш қатысқан шоу Қазақстанда да ұйымдастырылады
ашық дереккөзі
Орталық Азия өңірінде әлемге танымал «Im a Singer» жобасына қатысу үшін кастинг өтеді, деп хабарлады «ҚазАқпарат». Бұл туралы Facebook-тағы өз парақшасына 31 арнаның бас директоры Бағдат Қожахметов жазды. Кастинг маусымда басталады. «Халықаралық кастинг маусымда өтеді: 14 іріктелген кандидат үздік әнші атағына таласады. Кастинг Қазақстан өңірлерінде ғана өтпейді: біздің ел алғаш рет Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Украинадан қатысушыларды қабылдайды. Шоуға ҚХР-дан әртістер қатысады», - деп жазды ол. Қожахметов байқауға кәсіби музыканттар немесе вокалдық дарыны ерекше адамдар ғана қатыса алатынын атап өтті. «Әлемдік эстраданың түрлі жанрлы суперхиттері (оркестр немесе кәсіби джаз-бэнд сүйемелдеуімен) ғана орындалады.Бастысы - жоба ішінде қатысушылар селекциясының тетігі мүлдем басқаша: көрермендер студияда дауыс береді және жеті мықты қатысушы финалға дейін барады, соңында үш жеңімпаз анықталады. Бұл халықты теле көрсетілімге кеңінен тартуды қамтамасыз етеді, себебі көрермендердің шоудың финалдық турнирінде өз қалауын айқындауына мүмкіндігі мол», - деді 31 арна бас директоры.