Еурокомиссия Facebook-ке 110 млн еуро айыппұл салды
Еурокомиссия Facebook-ке 110 млн еуро айыппұл салды
Еуропалық комиссия Facebook әлеуметтік желісіне WhatsApp хабарламаларымен алмасудың танымал жүйесін сатып алу туралы қате ақпарат бергені үшін компанияға 110 млн еуро айыппұл салды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
«Қабылданған шешім компанияларға олар қосылу немесе апаласу шаралары бойынша ЕО қағидаларының барлық аспектілерін, оның ішінде дәйекті ақпарат беру міндеттемесін сақтауы тиіс екені жөнінде нақты белгі береді», - деді бәсекелестік жөніндегі еурокомиссар Маргрет Вестагер. Еурокомиссия тергеуді Facebook WhatsApp-пен байланыс базасын біріктіргеннен кейін бастады. 2014 жылы мессенджерді сатып алудың алдында әлеуметтік желі мәміле пайдаланушылардың есептік жазбаларын автоматты бірігуге алып келмейтінін хабарлаған.
Facebook, өз кезегінде, Еурокомиссия тапқан кез келген қате абайсызда болғанын айтты. «Біз Еурокомиссиямен алғашқы өзара жұмыс істеген сәттен бастап әділ болдық. Әр кез нақты ақпарат беруге тырыстық», - деді Facebook баспасөз қызметінің өкілі. «2014 жылы құжатымызда қателік байқаусызда кеткен», - деп қосты ол. Еурокомиссия салған айыппұл әлеуметтік желінің жылдық айналымының 1 процентін немесе 250 млн еуроны құрайды. Осыған байланысты реттеуші айыппұлды үйлесімді деп атады. Бұдан бұрын осы айда Италияның монополияға қарсы қызметін пайдаланушыларды олардың деректерін Facebook-қа беру жағдайына келісуге мәжбүрлегені үшін WhatsApp-қа 3 млн еуро айыппұл салынды. Сондай-ақ француз дербес деректерді қорғау ведомствосы Facebook-қа деректерді қорғау туралы заңды бұзғаны үшін 150 мың еуро көлемінде айыппұл салды.