Қанат Ислам қатысатын бокс кешінде кімдер жұдырықтасады?
Қанат Ислам қатысатын бокс кешінде кімдер жұдырықтасады?
Жекпе-жек 26 мамыр күні Флорида штатындағы «Бока-Ратон» спорт кешенінде өтеді. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде отандасымыз Қанат Ислам (23-0, 19 КО) шаршы алаңға шығады. Ол мексикалық Норберто Гонсалеспен (23-8, 13 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жектің жеңімпазы бірінші орта салмақта WBO NABA және WBA Intercontinental белбеулеріне ие болады. Сонымен қатар бұл кеште шаршы алаңға тағы бір қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (20-0, 14 КО) та шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы мексикалық Густаво Гарибай (13-8-2, 5 КО) болады. Бокс кешіне қатысатын боксшылардың толық тізімі: Дагоберто Агуэро (11-0, 8 КО) Доминика Республикасы - Густаво Молина (24-10, 9 КО) Мексика – жеңіл салмақ; Чжан Чжилэй (15-0, 11 КО) Қытай - Кертис Харпер (12-4, 8 КО) АҚШ – ауыр салмақ; Веллингтон Ромеро (12-0-1, 9 КО) Доминика Республикасы - Уилфридо Буелвас (18-7, 12 КО) Колумбия – ең жеңіл салмақ; Майк Болагун (10-0, 9 КО) АҚШ - қарсылас әлі белгісі – аса ауыр салмақ; Тайрон Спранг (7-0, 7 КО) АҚШ - Освальдо Ортега (2-5, 1 KO) Мексика – аса ауыр салмақ; Джастин Райт (дебют) АҚШ - Кристофера Салерно (1-1) АҚШ – жартылай жеңіл салмақ; Лоуренс Ньютон (6-0, 4 КО) - қарсылас әлі белгісіз – ең жеңіл салмақ.