Жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия бірлесіп телехикая түсірмек

ашық дереккөзі

Қазақстан мен Түркия бірлесіп телехикая түсірмек

Қазақстан мен Түркияға ортақ телехикая түсіру туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды деп хабарлады "Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының баспасөз қызметі. Түрік елі бастамаға қолдау білдіріп, жан-жақты көмек көрсетуге әзір екендіктерін мәлімдеген.

Жаңа бастама  Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаевтың Түркияның мемлекеттік TRT телеарадиокорпорациясының басшылығымен болған кездесуі барысында айтылған. Сонымен қатар, қазақстандық телеөнімдер Түркияда көрсетілетін болды. Отандық танымал сериалдардан «Сырғалым», «Әке серті», «Ұлжан» және «Ағайындылар» сынды телетуындыларды түрік тілінде дубляж жасаға Қазақстан елшілігі көмек көрсетеді.

«Елдер мен құрлықтарды байланыстырушы үлкен құрал - телевизия болып саналады. Түркияның ең ірі мемлекеттік телеарнасы TRT, оның ішінде 8 мемлекетке хабар тарататып, Әзербайжан, Қырғыз, Өзбекстан, Қазақстан секілді бауырлас елдердің ұлттық өнерін, дәстүрін, деректі фильмдері мен музыкалық бағдарламаларын көрерменге түрік тілдінде ұсынатын TRT-AVAZ (Әуез) телеарнасымен біздің байланысымыз өте тығыз. Соңғы жылдары Қазақстанда түсірілген фильмдерді, телехикаяларды және балаларға арналған телеөнімдерді Түркия көрермендеріне ұсыну мәселесі оң шешімін тауып келеді»,  - деді Ж.Түймебаев. Осыған дейін де Түркияның басты телеарналарында «Балалық шағымның аспаны», «Жаужүрек мыңбала» сияқты туындылар көрсетіліп, түрік көрермендерінің көңілінен шыққаны белгілі. Қазіргі таңда Түркияның әйгілі TRT-AVAZ қазақтың ұлттық спорт түрлерін, оның ішінде әсіресе көкпарды түркітілдес бауырларымыздың арасында кеңінен насихаттауды қолға алған. 2009 жылы алғаш рет хабар тарата бастаған TRT-AVAZ телеарнасы 2012 жылдан бері қазақ тілінде де хабар тарата бастады. Ол үшін арнайы қазақ редакциясы құрылды. Ол күн сайын көрсетілетін жаңалықтар топтамасын әзірлейді, оған «Қазақстан» ұлттық арнасының басшылығы да атсалысуда.