70 түлегінің 40-ы «Алтын белгі» алған мектеп рекорд орнатты

70 түлегінің 40-ы «Алтын белгі» алған мектеп рекорд орнатты

70 түлегінің 40-ы «Алтын белгі» алған мектеп рекорд орнатты
ашық дереккөзі

Мақтаарал ауданы Жетісай қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясы «Алтын белгі» саны бойынша былтыр рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. Мектеп жыл сайын орташа балл көрсеткіші бойынша облыста үздік үштіктің қатарынан көрініп келеді. Бұл туралы dalanews.kz хабарлады. 

Былтырғы оқу жылында мектеп бітірген 70 түлектің 57-сі «Алтын белгі» үміткері болып, оның 40-ы үмітті ақтап шыққан. Білім ұясын 28 жылдан бері басқарып келе жатқан директор Өмірхан Қозыбақ мұндай нәтижеге қол жеткізу талай жылдан бергі жұмыстың нәтижесі екендігін айтады. Бұл мектептің тағы бір ерекшілігі, басқару жүйесі жаңа заманға сай лайықталған.

«ҰБТ сынағына дайындалуда, «Алтын белгі» мен үздік аттестатты көбірек алуымызда ешқандай құпия немесе жасырын сыр жоқ.  Біздің мектепте апта сайын 10-11 сынып оқушыларынан байқау сынағы алынады. Төмен балл жинаған оқушылармен жеке жұмыс жасалады. Әр жыл сайын пән мұғалімдері жаңа сұрақтармен толықтырып, жаңа тест варианттарын кіріктіріп отырады», – дейді мектеп директоры Өмірхан Қозыбақ. Мектеп-гимназияның тағы бір ерекшелігі – математика пәнін оқытуға айрықша назар аударады. Бұл – тек осы пәнге артықшылық жасау емес.  Математика арқылы өзге сабақтарды оқытудың да сапасын арттыра түсуді мақсат етеді. Бұл оқу орнын Мақтааралдың алтын мектебі десе де әбден жарасады. Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназияны көп жылдан бері ізденімпаз, жаңашыл ұстаз Өмірхан Қозыбақ басқарады. Ширек ғасырлық мұғалімдік тәжірибесі бар директорға қазір бүкіл Оңтүстік өңірі қызығады. Мұндағы мұғалімдер Кембридж әдіс-тәсілі бойынша арнайы даярлықтан өтіп келіп, жұмыстарында пайдалануда.