Жаңалықтар

Трамп: Менен басқа бірде-бір президентке жаман қараған емес

ашық дереккөзі

Трамп: Менен басқа бірде-бір президентке жаман қараған емес

АҚШ президенті Дональд Трамп "тарихта менен басқа бірде-бір саясаткерге жаман қараған емес" деп мәлімдеді. Сәрсенбі күні АҚШ Конгресінің мүшесі Эл Грин Палата өкілдерінің алдында президент Дональд Трампқа импичмент жариялау мәселесін көтерді. Сәрсенбі күні Нью-Лондон (Коннектикут штаты) қаласындағы Жағалау қорғауы академиясы түлектерінің алдында сөйлеген Трамп FBI (Federal Bureau of Investigation) директоры Джеймс Комиді отставкаға жібергеннен кейін Ақ үйде орын алған жағдайға осылайша түсініктеме берді. Коми 2016 жылы президент сайлауы кезінде Трамптың сайлауалды штабының Кремльмен байланысы болды деген мәселені зерттеуге кіріскен. Бұл жанжал президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі болған Майкл Флиннің ресейлік елшімен кездескенін жасырып келгеннен кейін туындады. АҚШ сенатының екі комитеті - заң шығару және барлау ісі бойынша және Палата өкілдерінің қадағалау жөніндегі комитеті Джеймс Комиді не себептен жұмыстан босатқанын түсіндіруді талап етіп жатыр. Сонымен бірге БАҚ-та жарияланған "Трамп Комиден Флиннге қатысты зерттеуді доғаруын сұрады" деген хатты да көрсетуді талап етті. Бірақ Ақ үй мұны жоққа шығарып келеді. Сенат комитеті FBI-дің бұрынғы басшысының өзін Ресейге қатысты тыңдауға шақырды.