YouTube өзінің он жылдық мерейтойын атап өтуде
YouTube өзінің он жылдық мерейтойын атап өтуде
Әлемдегі ең ірі видеохостинг YouTube желісінің құрылғанына 10 жыл толды. Бүгінде бұл әлеуметтік желіні қазақстандықтар белсенді пайдаланады.
2005 жылдың сәуір айында алғашқы бейнені платформа иелерінің бірі салған. Бейнежазба автордың хайуанаттар саябағына барған сапарына арналған. Google корпорациясы видеохостингті сатып алғаннан кейін YouTube құрылтайшылары мультимиллионерлерге айналды. Енді пайдаланушылар оған әр минут сайын жүздеген бейне жүктеп, порталға күнделікті бірнеше миллиард адам кіріп, бейнежазбаларды тамашалайды. Кейбір YouTube арналарының аудиториясы ірі телеарналардың көрермендерінен әлдеқайда басым. Бірақ Facebook және VK секілді әлеуметтік желілерде енгізілген бейнелер YouTube порталына лайықты бәсекелестік танытып отыр.