Мемлекеттік сатып алу саласындағы қателіктер анықталды

Мемлекеттік сатып алу саласындағы қателіктер анықталды

Мемлекеттік сатып алу саласындағы қателіктер анықталды
ашық дереккөзі
Атырау облысында мемлекеттік сатып алу саласында өрескел қателіктер жіберілген, – деп  хабарлайды 24.kz арнасы. Аудиторлық тексерулер нәтижесі бойынша, үстіміздегі жылдың 15 мамырына дейін жалпы сомасы 1 миллирад 522 миллион теңгені құрайтын құқықбұзушылықтар анықталды. Оның ішінде құжат рәсімдеу сипатындағы құқықбұзушылықтар көлемі 1 млрд 371 миллион теңгені құраған. Ал қаржылық сипаттағы жіберілген қателік салдарынан пайда болған 151 миллион теңгенің басым бөлігі қазір мемлекет қазынасына қайтарылды. Мамандардың айтуынша, көп жағдайда кәсіби біліктілігі төмен мемлекеттік қызметкерлер құжат рәсімдеу кезінде қателіктер жіберген. Мұндай келеңсіздікке жол берген 159 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Болашақта мұндай олқылықтарды болдырмау үшін ішкі аудит саласының мамандары арнайы бағдарлама жасады. «Ашық есік қағидасы негізінде жол картасын жасақтадық. Облыстағы жеті ауданды жеті айға бөліп, оқыту-үйрету жұмыстарын жүргіземіз. Яғни мемлекеттің сатып алу саласымен айналысатын қызметкерлер мен тапсырыс берушілердің басын бір жерге тоғыстырып, ортақ қабылдау өткіземіз. Бұл жоба мамандардың қаржылық, құжаттық сауатын ашып, қателіктердің санын кемітеді деген сенімдеміз», – дейді ҚР Қаржы министрлігі Атырау облыстық департаментінің басшысы Еркебұлан Марайымов.