Жаңалықтар

ЕО талаптарына сай келмейтін тауар өндірушілер айыппұл төлейді

ашық дереккөзі

ЕО талаптарына сай келмейтін тауар өндірушілер айыппұл төлейді

Қырғызстанда Еуразиялық одақ талаптарына сай келмейтін тауар   өндірген кәсіпорынға 100 мың сом көлемінде айыппұл салынады, – деп  хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, Қырғыз елінде жаңа жүйеге көшіп үлгермеген кәсіпкерлер де жазаға тартылмақ. Өйткені кәсіпкерлерге қатаң ереженің енетіні туралы ескертілгендігіне 2 жыл болған. Қатаң ереже бойынша, Қырғызстанда шығарылатын тауарлардың барлығы Еуразиялық экономикалық одақтың  талаптарына сай болуы тиіс. Бұл қадам арқылы өндірушілер ортақ нарыққа шыға алады. Осы ретте Премьер-Министрдің орынбасары Олег Панкратов кәсіпорындардың ортақ стандартқа  көшуі қажеттігіне баса назар аударып отыр. «Ең бастысы бизнестің өзі өзгеруі тиіс. Ұлттық стандарттарды былай қойып, ортақ халықаралық талаптарға көшуіміз керек. Сондықтан да ортақ талаптарды алып, мұқият қарап, зерделеуіміз қажет. Одан кейін арнайы мекеме арқылы шығаратын тауарларды тексертіп алғанымыз жөн», – дейді Қырғызстан Премьер-Министрінің орынбасары Олег Панкратов. Егер кәсіпкерлер байқаусызда Қырғызстан бизнесіне кедергі келтіріп, шығарып жатқан тауарларының сапасыз екенін білмей қалып жатса, оған көмектесетін кеңселер болады. Сондықтан қазірден бастап кәсіпкерлерді оқытатын тренингтер ұйымдастырылып, ортақ талапқа сай болудың алғышарттары көрсетіледі. Ал қырғыздың тігін өнеркәсібі өз тауарларын Қазақстан мен Ресей нарығына шығарып үлгерген. Демек, өзге де салаларға осы жағдайдан үлгі алған абзал. Алдағы 2 ай көлемінде техникалық талаптарға байланысты тәртіптің 18 түрі жарияланады. Соған байланысты тауарлардың да табиғаты сай болуы керек. Бұл мәселе көбінесе азық-түлік пен тігін саласын қамтымақ. Ал осыған дейін Одақ көлемінде тауарларын экспорттап жүргендерді бұл мәселе айналып өтпек.