Жаңалықтар

Денис Тен жас спортшыларға шеберлік дәріс өткізді

ашық дереккөзі

Денис Тен жас спортшыларға шеберлік дәріс өткізді

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Қазақстанның жас спортшылары үшін үш күндік семинар өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Спортшы мұндай семинарларды 2012 жылдан бері өткізіп келеді. Бірақ көбіне оның семинарлары мұз айдынындағы шоу немесе ірі спорт шарасы аясында ғана өткізіліп келді. Бұл жолы шеберлік сыныбы ешқандай шараға қабаттастырылмай, дербес, арнайы ұйымдастырылды. Бұл ретте Денис Тен жас спортшылардың техникалық жаттығуларына тереңірек мән берді. Үш күндік семинарда еліміздің барлық аймағынан келген үздік жас мәнерлеп сырғанаушылармен Денистің өзі ғана емес, оның әріптесі, ресейлік танымал спортшы Алексей Ягудин де жаттығады. Сонымен қатар, Қазақстанның үздік хореографы Серік Ташанов пен актер Чингиз Капин және технологист Арман Сүлейменов те дәріс береді.   «Мен қазір спортшының спорттағы «ғұмыры», мансабы қысқа екенін түсіндім.