Фируза Шарипованың келесі қарсыласы анықталды

Фируза Шарипованың келесі қарсыласы анықталды

Фируза Шарипованың келесі қарсыласы анықталды
ашық дереккөзі
Кәсіпқой бокстағы бұрымды боксшымыз Фируза Шарипованың (4-1, 2 КО) 27 мамырда Мәскеуде өтетін жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы AllFight.Ru порталы Shamo Boxing Promotions компаниясына сілтеме жасап хабарлайды. Шарипова өзінің келесі кездесуін ресейлік Ольга Забавинаға қарсы өткізеді. Ресейлік боксшы кәсіпқой бокс шаршы алаңында алты кездесу өткізген. Ал бұл отандасымыз үшін де алтыншы кездесуі болмақ. Жекпе-жек жартылай жеңіл салмақ, яғни 89 келіде (130 фунт) он раундтық жүйе бойынша өтеді. Айта кетейік, 27 мамырда  Мәскеудегі бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде ресейлік Максим Власов пен танзаниялық Бэнк Мвакалебэл арасындағы жекпе-жек болмақ.