Мемлекеттік рәміздерге арналған шаралар бастау алды

Мемлекеттік рәміздерге арналған шаралар бастау алды

Мемлекеттік рәміздерге арналған шаралар бастау алды
ашық дереккөзі
Бүгіннен бастап еліміздің барлық қаласында Мемлекеттік рәміздерге арналған шаралар өткізіледі. Бүгін Талдықорғанда қала әкімдігінің ұйымдастыруымен ҚР мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына орай ҚР Мемлекеттік Елтаңбаның авторы, "Құрмет" орденінің иегері Жандарбек Мәлібековтың қатысуымен "Мемлекеттік рәміздер - елдігіміздің нышаны" атты салтанатты шара өтті, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Шараға ардагерлер, қоғамдық ұйым өкілдері, жастар, студенттер, ұстаздар, әскерилер, БАҚ өкілдері қатысты. Баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, шара кезінде мемлекеттік рәміздер туралы бейнеролик көрсетілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері салтанатты түрде сахнаға шығарылып, ҚР Мемлекеттік Гимн орындалды. Мемлекеттік рәміздер туралы жастардың орындауында жүрек жарды өлеңдер оқылды, патриоттық әндер орындалды. Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына байланысты Алматы облысының жұртшылығын құттықтап, тілектерін білдірді. Осы шарадан бастап мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына арналған декада бастау алды. Барлық аудан, қалаларда 55 патриоттық салтанатты ірі шаралар өткізілетін айта кету керек. Сондай-ақ, бүгін жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына арналған "Туған жерге туыңды тік" атты жастар марафоны бастау алды. Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібекұлы джиу-джитсудан жастар арасында Қазақстан чемпионы, ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионы, WAFC тұжырымы бойынша панкратионнан Еуразия чемпионы Бейбіт Назаровқа Мемлекеттік Туды табыс етті. 25 мың шақырымқа созылатын марафон аудан, қалаларды қамтып, мемлекеттік рәміздер күніне аяқталады.