Жаңалықтар

Алматы облысында екі баланың мәйіті сандықтан табылды

ашық дереккөзі

Алматы облысында екі баланың мәйіті сандықтан табылды

Алматы облысында екі баланың мәйіті сандықтың ішінен табылды. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданының Ащысай ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 2007 және 2008 жылғы балалардың неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Қазір сандықтың ішінен табылған мәйіттердің дерегі бойынша тергеу басталды. "Аталған жайтқа байланысты барлық қажетті сараптама тағайындалды. Балалардың неден өлгенін сараптама нәтижесі анықтайтын болады", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахметов. Айта кету керек, қайтыс болған қос бүлдіршін - екі отбасының баласы. Бір-біріне көрші тұрады. Өзге БАҚ өкілдерінің мәліметінше, олардың ата-аналары балаларын біреу өлтіріп, әкеп тастады деп күдіктенеді. 14 мамыр күні жоғалған балалардың өлі денесі келесі күні ескі үйдегі сандықтың ішінен табылды.