Пласидо Домингоның қатысатын концертке барлық билет сатылып кетті

Пласидо Домингоның қатысатын концертке барлық билет сатылып кетті

Пласидо Домингоның қатысатын концертке барлық билет сатылып кетті
ашық дереккөзі
  1 және 3 тамыз күндері «Астана Опера» сахнасында өтетін Дж. Вердидің «Травиата» операсына барлық билет сатылып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «1 және 3 тамыз күндері Маэстро Пласидо Домингоның қатысуымен өтетін «Травиатаға» барлық билет сатылып кетті», - деп мәлімдеді театр директоры Ғалым Ахмедьяров. Онда «Опера королі» атанған Пласидо Доминго Жорж Жермонның рөлін сомдайды. Дегенмен, астаналықтар қазіргі заманның әйгілі музыкантын «Опералия» 25-ші дүниежүзілік опера байқауының финалында көре алады. 29 шілде күні байқаудың ақтық сайысында жеңістен үмітті болған 10 орындаушы Пласидо Доминго басқаратын симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді. Еске сала кетсек, бақ сынаушылар арасында төрт қазақстандық әртіс бар, олардың бірі - «Астана Операның» жетекші солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты Мария Мудряк.   Пласидо Доминго орындаудан кейін биске шақыру (101 рет) және ауқымды репертуары бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енген. 2016 жылға дейін ол 147 рөлді сомдап,  әлемнің үздік сахналарында 3800 рет өнер көрсеткен. 500 рет маэстро дирижерлік пультті басқарып, жүзден астам фильм, аудио және бейнежазбалардың түсірілімдеріне қатысқан.