Жаңа мобильді қосымша кәсіпкерлерді заңсыз тексеруден қорғайды
Жаңа мобильді қосымша кәсіпкерлерді заңсыз тексеруден қорғайды
Бұдан былай қарағандылық кәсіпкерлерді заңсыз тексерулер тоқтатылады. Олар жаңадан іске қосылған мобильді қосымшаның көмегімен тексерістер туралы алдын-ала ақпарат алып отырады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
«Бас прокуратураның бұл жобасы келешекте заңсыз әрекеттердің жолын кеседі», - дейді мамандар. Оның жұмысы өте қарапайым. «Қамқор» деп аталатын мобильді қосымшаны қалта телефоныңызға жүктеп алсаңыз болғаны. Тексеруге келетін мекемелерді алдын-ала хабарлап отырады. Бұған қоса, егер қандай да бір мекеме тарапынан қысым жасалса, бірден прокуратураға шағым түсіре аласыз. Қазірдің өзінде қосымшаны 2 жарым мың кәсіпкер жүктеп алған.
Абу-Әли Сәттар, құқықтық статистика жөніндегі комитеттің облыстық басқарма басшысы:
- Мобильді қосымшаны орнатқаннан кейін, белгілі бір уақытта қалта телефоныңызға «тексеріс келеді» деген ескерту хабарлама түсіп отырады. Сондай-ақ қосымша арқылы тексерістің қай күні, қай мекемеден келетінін, нені тексеретінін және комиссия құрамында қанша адам болатынын да алдын ала біліп отыруға болады. Бұл кәсіпкерлерге құзырлы органдар тарапынан жасалатын қысымды азайтып, әкімшілік кедергілерді жояды деп сенеміз.