Мектебінен мешіті көп ел жастардың діни тәрбиесіне алаңдаулы
Мектебінен мешіті көп ел жастардың діни тәрбиесіне алаңдаулы
Қырғыз Парламентіндегі халықаралық істер жөніндегі кеңестің отырысындағы «Қырғызстан Республикасындағы дінге сену бостандығы және діни ұйымдар» туралы заңына енгізілетін өзгерістерді талқылау барысында Қырғызстанның Дін істері жөніндегі мемлекеттік комитеті директорының орынбасары Закир Чртаев Қырғызстандағы мешіттер саны орта мектептерден де көп екенін мәлімдеді. Бұл жайлы Бұл туралы knews.kg-ға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Депутаттардың сұрақтарына жауап бере келе, Чотаев Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Қырғызстанда 39 мешіт болғандығын, ал қазіргі уақытта олардың саны мемлекеттегі орта мектептер санынан артып, 2600-ге жеткендігін атап өтті.
«Соңғы жылдары республикада жастардың шетелден діни білім алуға талпынысы мен қоғамдағы дінді радикализациялау үрдісі белең алып келеді. Жастар көбіне Сауд Арабиясы, Египет, Түркия, Пәкістан, Ауғанстан, Үндістан және Иран елдеріне діни білім алуға барады. Әсіресе 9-14 жас аралығындағы кәмелеттік жасқа толмаған жастардың діни білім алуға аттануы ерекше алаңдатады. Тиісті ақпараттар мен жастардың шетелден білім алуға кетуіне мемлекет тарапынан бақылаудың болмауы мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді», - деді парламенттің баспасөз қызметінде ДІМК басшысының орынбасары.