Ердоған мен Трамп Ақ үйде кездесті

Ердоған мен Трамп Ақ үйде кездесті

Ердоған мен Трамп Ақ үйде кездесті
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Түркия көшбасшысы Режеп Эрдоған Ақ үйде кездесті. Бірлескен баспасөз мәслихаты кезінде екі ел лидері терроризмге қарсы күрес жөнінде айтты, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі
Трамп Вашингтон террористік топтарға қарсы күресте Анкараға көмектесуді жалғастыра береді деп мәлімдеді. "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы, Күрдістанның Жұмысшылар партиясының аттары күрес нысаны ретінде аталды. Эрдоған террористік ұйымдарға жер бетінде орын болмау қажет деп, ол ондай топтарға күрдтердің "Демократиялық одағы" партиясы мен оның Халықтың өзін өзі қорғау отряды деген қарулы қанатын жатқызды. Түркия президенті аталған ұйымдармен әріптестік жасауға болмайды деді. Өткен аптада Вашингтон негізінен Халықтың өзін өзі қорғау отряды құрған "Сирияның демократиялық күштеріне" көмектесу жоспарын бекіткен. Түркияның АҚШ-қа сапары әрі қарай жалғасуда.