Түмен облысы солтүстікқазақстандықтарға көмек керуенін жіберді

Түмен облысы солтүстікқазақстандықтарға көмек керуенін жіберді

Түмен облысы солтүстікқазақстандықтарға көмек керуенін жіберді
ашық дереккөзі
Көктемгі тасқыннан зардап шеккендер солтүстікқазақстандықтарға кезекті көмек керуені келіп жетті. Бұл жолы Ресейдің шекаралас Түмен облысының тұрғындары қол ұшын созып отыр, деп жазады 24.kz.  Төрт жүк көлігінің ішінде ұн макарон, консервіленген ет, балық, кондитерлік өнімдерге дейін бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шарапаты мол шараға Қазақстаннан қоныс аударған азаматтар белсене атсалысқан. Енді азық-түліктер арнайы комиссия арқылы мұқтаж жандарға теңдей таратылады. Бұл түмендіктердің соңғы көмегі емес, олар тағы да қол ұшын созуды жоспарлап отыр. Есенғали Ыбыраев, РФ Түмен облысы қазақтары ұлттық-мәдени автономиясының президенті:  - «Нағыз дос қайғыда танылады» дейді халық даналығы. Көршілерімізді, бауырларымызды су басты дегенді естігенде, қарап отыра алмадық. Сондықтан қайырымдылық көмек көрсету іс - шарасын ұйымдастырдық. Бұл ортақ жағдай. Өйткені су бізді де басып жатыр.