Forbes ең бай қытай азаматын анықтады

Forbes ең бай қытай азаматын анықтады

Forbes ең бай қытай азаматын анықтады
ашық дереккөзі
Электронды коммерция саласында көш бастаған Alibaba Group компаниясының негізін салушы Джек Ма Қытайдың ең бай азаматы атанды. Ол Wanda Group корпорациясының басшысы Ван Цзяньлиннің алдын орап кеткен. Джека Маның байлығы 30,9 млрд долларға бағаланыпты. Alibaba компаниясының акциялары биыл біршама қымбаттаған болатын. Иесінің дәулетін осы жағдай еселепті. Қазір Азияның ең бай адамы гонконгтық мультимиллиардер Ли Цзячэн саналады. Оның байлығы 32,9 млрд долларды құрайды. Alibaba Group интернет-компаниясының негізі 1999 жылы қаланған. Электронды сауда-саттық саласында жұмыс істейді.  Сондай-ақ оған Alibaba Pictures, Alibaba.com, AliExpress.com, Taobao.com, Tmall.com. сауда алаңдары тиесілі. Дереккөз: РИА Новости