Жаңалықтар

"Еуразиялық үштік" немен айналысып жүр?

ашық дереккөзі

"Еуразиялық үштік" немен айналысып жүр?

Патох Шодиев 1997 жылдан бері Бельгия азаматтығын алған. Қазір де осы жерде тұрады. Бірақ сәуір айында "қазақгейт" деп аталған тергеу қайта жаңғырып, Франция тарапынан көтерілген іс қарастырылуда. 2011 жылы Бельгия билігі Шодиевтің үстінен бірнеше іс бойынша қылмыстық іс көтеріп, кейіннен тағылған айыптардың барлығы алынып тасталған еді. Болжам бойынша, Бельгия құқық қорғау органдарына 23 миллион еуро берген. Биыл Forbes журналының рейтингіне қазақстандық бес миллиардер енді. Үздік бестіктің соңында -  Алиджан Ибрагимов. Оның қаражаты бір жылдың ішінде тағы да 600 миллион долларға өсіп, 1,9 миллиард долларға жеткен.